Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр

18.04.2024

Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр. Бұл өңірге келетін нөпір суды өз ағысымен теңізге ағызып жіберуге үлкен септігін тигізеді дейді мамандар. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:

Жайық өзенінің теңізге құяр сағасында тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай мұнда жұмыс қызу. Барлығы жеделдетілген тәртіппен жүріп жатыр. Негізгі мақсат - өзен суының теңізге құятын ағысын арттыру. Мына жер бұрын өте тайыз болатын. Тереңдігі небәрі 40-50 смді құрайтын. Қазір мамандардың айтуынша, 1 метр 40 см-ге дейін тереңдетіліпті. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:

Өзен сағасын тазарту, тереңдету, кеңейту үшін 4 техника мен 12 адам жұмылдырылған. Екеуі судың астын қазса, мына екі техника арғы жағынан құмды жинап қысыммен лақтырады. Бұл жұмыстар аяқталса өңірге келетін нөпір суды өз ағысымен теңізге ағызып жіберуге үлкен септігін тигізеді дейді мамандар.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу