Павлодарда Жеңіс күніне арналған шаралар легі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Жеңіс күніне арналған шаралар легі басталды

23.04.2019

Биыл қарт майдангерлерге әлеуметтік тұрғыдан көмек жасау басты орынға қойылып отыр. Бүгінгі таңда облыс орталығында 52 ардагер ғана қалды. Олардың әрқайсына 150 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.

Ал, ардагерлердің жесірлері, соғыс кезінде тұтқында болған, Ленинград қоршауында қалған тұрғындарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал, тылда еңбек еткен азаматтардың есепшотына 12625 теңге аударылады. Биыл жалпы саны 4745 адамға әлеуметтік көмек беру үшін бюджеттен 70 млн теңге қаржы бөлінді.

Жомарт Сүлейменов, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

- Бұл төлемақы ретінде берілетін көмектен бөлек, соғыс ардагерлеріне тағы да 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйлықтар беріледі. Оған тек қана бюджет қаражаты жұмсалмайды. Аймақтағы кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар ардагерлерге құрмет көрсетіп, іс-шаралар ұйымдастырады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу