Қазақстан дипломаттары Жеңіс күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырды

10.05.2014
Қазақстан дипломаттары Жеңіс күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырды
Соғыс жылдары бір ғана Берлиннің өзінде Кеңес армиясының 78 мыңнан астам жауынгері қаза тапты. Осыған орай, Германия қалаларында қазақстандық дипломаттар бірқатар іс-шара өткізді. Олар Трептов саябағындағы Тиргартен Бранденбург қақпасы мен Рейхстагта ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Шараға Берлин билігі мен соғыс ардагерлері, сондай-ақ Бундесвердің әскери қызметкерлері қатысты.
 
Андрей Гиро, Беларусь Республикасының Германиядағы Елшісі:
Біздің елде соғыс жылдары жақынынан айрылмаған бірде-бір отбасы жоқ шығар. Сондықтан, бүгінгі мерекенің орны ерекше. 69 жыл болды бейбіт күнде ғұмыр кешіп жатырмыз. Адамзат үшін осыдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ
 

Хабарламаларға жазылу