Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметі бойынша, соңғы 4 жылда көрші елде 21 адам түрлі қылмыс жасап, сотталған. Олардың көбі жастар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің араласуымен, бүгінде олардың 14-і Қазақстанға қайтарылды.
Қазақстандықтардың кейбірі жазасын елімізде өтеп жатса, енді бірі бостандыққа шыққан. Қытайдағы отандастарымыз көбінде есірткі заттарын тасымалдағаны және пайдаланғаны үшін, жол апаттарының себепкері болғаны үшін жауапкершілікке тартылады екен.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ