ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр

10.04.2019

Шығыс Қазақстанда 1200-ге жуық бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге дайын. Қазір өңірде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Болашақ сарбаздар облыс орталығында тағы бір рет медициналық тексеруден өтіп, шекара қызметінде парызын өтеуге дайындалуда.

Ал, әскери комиссариятқа сәуірдің 12-сінен кейін келетіндер азаматтық борышын ұлттық гвардия мен мемлекеттік қызметте атқармақ. Олардың психологиялық және физикалық әзірлігін арнайы комиссия қарайды. Дәрігерлердің айтуынша, 18-27 жас аралығындағы әскерге шақырушылардың денсаулығы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл - салауатты өмір салтын ұстану бойынша жүргізілетін насихаттау жұмыстарының нәтижесі.

Тынық Жақсыбеков, әскерге шықырылушы:

- Тарбағатай ауданынан әскер қатарына шақырылушымын. Мен өзімнің әкемнің ізін жалғап, Отан алдындағы борышымды өтеуге келдім. Кешеден бері медициналық тексеруден өтіп жатырмыз, енді әскерге аттанамыз. Қасымдағы барлық жігіттерге сәттілік тілеймін.

Еркеш Бикбаев, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары:

- Жігіттер жақсы дайындалып, әскерге барудың маңыздылығын біліп келеді. Әсіресе, шекара қызметі мен десанттық-шабуылдау бригадасына, әскери теңіз күштеріне баруға ынталы азаматтар көп.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу