Елімізде ұшқышсыз авиацияны дамыту департаменті құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ұшқышсыз авиацияны дамыту департаменті құрылды

25.04.2023

Елімізде әскери қызметкерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Мәселен Қарулы күштер құрамында ұшқызсыз авиацияны дамыту департаменті құрылды. Бұл туралы Бас штабтағы жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары хабарлады. Дәурен Абдуллиннің айтуынша, Бас штаб әлемдегі әскери қақтығыстардың барысын қадағалап отыр. Оған сай қазір пилотсыз басқарылатын ұшақтар кеңінен қолданылып жатыр. Сол арқылы әскерилер қашықтан ұрыс жүргізіп, жаудың көзін жояды. Сондықтан біздің жауынгерлерді де заманауи ұрыс тәсіліне үйрету көзделген. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің өкілдері қазір көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатқанын және жастарды отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру үшін арнайы бағдарлама сәтті іске аса бастады дейді. Оған сай енді мектеп бітірген жігіттер университетке түспес бұрын әскерге барса, өзі қалаған жоғары оқу орынында тегін білім алуына мүмкіндігі бар.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары:

Біз былай пайымдап отырмыз жылына 3 мыңға тарта азаматқа осындай мүмкіндік берілгелі жатыр. Қазіргі кезде біздің бұл бастаманы еліміздің 70-тен аса ЖОО-лары қолдап жатыр. Сондықтан бұл бағдарлама өзінің тиімділігімен жалғасады деген сенімдеміз.


Хабарламаларға жазылу