БҚО-да кәсіпкерді уақтылы тіркемеген басқарма басшысы қызметінен төмендетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да кәсіпкерді уақтылы тіркемеген басқарма басшысы қызметінен төмендетіледі

08.04.2019

Бөрлі ауданында бизнес өкілі Әділет басқармасының басшысына серіктестікті қайта тіркеу туралы өтініш берген. Алайда, лауазымды тұлға 3 ай бойы сөзбұйдаға салып, ұйымды тіркеуден өткізбеген. 5 рет арыз жазып, прокуратураның араласуымен ғана заңды тұлғаның өтініші қабылданған. Енді Бөрлі ауданы Әділет басқармасының басшысы Арман Нұрымбаевқа қатысты тәртіптік жаза қолданылмақ.

Аманқос Жұбаныш, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары:

- Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері талқылап, Бөрлі аудандық Әділет басқармасы басшысының іс-әрекетін заңсыз деп тауып, заңды тұлғалар құқығын өрескел бұзғаны үшін оның лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс беретін болды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу