Басты Жаңалықтар Ипотекалық бағдарламалар қайта ашылады

Ипотекалық бағдарламалар қайта ашылады

Банктер қайтадан ипотекалық несие беруді бастайды. Оларға 25 пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй қарызын қаржыландыруға рұқсат етілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк шекті мөлшерлемені төмендету мерзімін келер жылдың 1 шілдесіне дейін шегерді. Базалық мөлшерлеме 18 пайызға дейін көтерілгеннен кейін қаржы ұйымдарына 20 пайызбен қарыз беру тиімсіз болып, ипотекалық бағдарламалар тоқтатыла бастаған еді. Бұл ипотеканың қолжетімді ету үшін іске асып жатыр. Ал болашақта пайыздық мөлшерлеме несие сомасы мен тұрғын үй құнына қарай есептелмек.


Бөлісу