Алматыдағы «Тұран» университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Тұран» университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

05.04.2019

Оқу ордасында білім алатын студенттерге мамандар шеберлік сағаттарын өткізеді. Оқудан шығу, басқа мамандық пен жеке деректерді  ауыстыру, басқа да өзекті сұрақтар бойынша мәліметтер жылдам беріледі. Сондықтан, мұнда тәлімгерлер үшін қолайлы жағдай жасалған. Ал, студенттер барлық  ақпаратты сайттан  онлайн ала алады.  

Серік Пірімбетов,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының басшысы:

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында студенттік қызмет көрсету орталықтары ашылып жатыр. Бірден-бірі осы «Тұран» университетінде ашылып отыр. Өздеріңіз білетіндей, қалада отыз сегіз білім мекемелері бар. Қазіргі таңда бізде көптеген поликлиника, мектептерде  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып жатыр.  Оның бәрі сол халықтың әлеуметтік жағдайын  көтеру үшін.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу