Дәлме-дәл егіншілік өз нәтижесін беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәлме-дәл егіншілік өз нәтижесін беріп жатыр

04.04.2019

Ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың жұмысын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақ агротехникалық университетінің мамандары солтүстік өңірдегі 4 облыстың қожалық мамандарына арнайы семинар ұйымдастырды. Соңғы әрі заманауи технологияны пайдалану тәсілдерін үйретіп, оның тиімділігін түсіндірді.

Дәлме-дәл егіншіліктің тәсілдерін үйренуге Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының диқандары жиналды. Компьютер арқылы алқаптың картасын сызып, астықтың өсу қарқыны мен жағдайын бақылап отырудың тәсілін меңгерді.

Сәтбай Шығаныв, агроном:

- Бізге көмек болары сөзсіз. 

Дәл егіншілік технологиясы аясында егіс алқабы толық зерттеледі. Жоғарыдан түсірілген суреттермен қоса, топырақтың әр гектарына сараптама жасалады. Соның арқасында алқаптың қай аймағына қандай тыңайтқыш және қанша мөлшерде себу керектігі анықталады.

Егін егудің бұл тәсілін былтыр 9 қожалық бастап, пайдаланған. Нәтижелері жаман емес. «Шамамен 2-3 жылда олар ең жоғарғы өнімділік көрсеткішіне жетеді», деп отыр мамандар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу