Мексикада тауар тиелген жүк көліктері АҚШ аумағына өте алмай, шекарада тұрып қалды. Олардың жылжымағанына 12 сағаттай болған. Көліктердің қатары бірнеше шақырымға дейін созылып жатыр. Айта кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп, егер Мексика мигранттарды бақылауға алмаса, шекараны жабатынын ескерткенді.
Сондықтан, осы аптада Құрама Штаттарға ағылған адамдар саны күрт өсті. Сонымен қатар, шекара мамандары көші-қон қызметтерін қоса атқаруға мәжбүр болғандықтан, коммерциялық тасымал баяулады. Ал, екі ел арасындағы күнделікті сауда айналымы - 1,7 миллиард доллар. Егер шекара жабылатын болса, көрші мемлекеттердің экономикаларына орасан зор зиян келуі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК