Павлодардағы көмекке мұқтаж отбасылардың бүлдіршіндері балабақшада тегін тамақтанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы көмекке мұқтаж отбасылардың бүлдіршіндері балабақшада тегін тамақтанады

01.04.2019

Мұқтаж жандардың мәселесін шешуде әкімдер ширақ қимылдай бастады. Мәселен, Екібастұз әкімшілігі көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың балалары қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін 24 млн. теңге қаржы бөлді.

Ал, Павлодар қаласындағы көмекке мұқтаж отбасылардың балабақшаға баратын бүлдіршіндері бүгіннен бастап тегін тамақтанатын болады. Үкіметтен тапсырма түскен соң сең қозғалып, қажетті қаржы табылды. Дәл қазіргі уақытта барлық балабақшаларда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар ұсынылған құжаттарды қарап, жеңілдікті кімдер пайдалана алатынын анықтауда. 

Зәуреш Қалиева, қалалық Білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

100 пайыздық жеңілдік көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілген. Бүгінгі күні облыстық бюджеттен 129 млн. теңгеден аса қаражат бөлініп жатыр. 510 бала аз қамтылған отбасылар қатарынан және 650 бала көпбалалы отбасылардың балалары.   

 

Болат АМАНБАЕВ     

Хабарламаларға жазылу