Елорда атауының ауысуы – Елбасының ерен еңбегіне деген құрмет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда атауының ауысуы – Елбасының ерен еңбегіне деген құрмет

01.04.2019

Елорда атауының ауысуы – Елбасының ерен еңбегіне деген құрмет. Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданының тұрғындары Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атау уақытылы қабылданған шешім деп есептейді. Бозанбай ауылында өткен кездесуде халық Тұңғыш Президентіміздің Тәуелсіз Қазақстан мен елорданың қалыптасуы жолында сіңірген ерең еңбегін айтты.

Жиынға бірнеше елді мекен тұрғындары қатысып, тарихи шешімді қуанышпен қабылдағандарын жеткізді. Бұдан соң жергілікті өнерпаздар концерт қойып, патриоттық әндер шырқалды. Жиын соңында ауыл ақсақалы бата беріп, Қазақ еліне береке-бірлік, халқына амандық тіледі. 

Бақыт Ақанова ұлан ауданының тұрғыны:

Тәй-тәй басып келе жатқан жас баладай Қазақстанды аяғынан тік тұрғызып, тұғырын мықтап, туын биіктетіп, бүкіл елге паш еткен ол біздің Нұрсұлтанымыз. Сондықтан, Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту өте лайықты деп санаймыз, солай болуы тиіс деп ойлаймыз.  

 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу