Астанаға Нұр-Сұлтан атауының берілуі - Елбасының Тәуелсіз Қазақстан құрудағы аса зор еңбегін бағалау. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де елорда атауының өзгергенін шын пейілмен қолдайтындықтарын жеткізіп, өз үндеулерін қабылдады.
Айтуларынша, Қазақ елінің елордасын көшіру Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық жобасы және ел тариxының жаңа парағын ашқан бастамасы екендігін айрықша атап өтті. Осы қадамның арқасында Қазақстан аласапыран заманның қиындықтарын сәтті еңсерді, қарыштап дамыды. Жер-жаһанға танылды. Осы ретте, Қазақстан xалқы Ассамблеясының мүшелері ел азаматтарын ұлттық бірліктің уақыт сынынан өткен «Бір xалық, бір ел, бір тағдыр» қағидаттары негізінде шоғырлануға шақырды.
Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі:
Ел бастаған ұлылардың есімін ұлықтау - әлемдік өркениетте ежелден келе жатқан үрдіс. Ал, Қазақстанның сол әлемдік өркениет керуеніне тең құқылы мемлекет ретінде қосылып, көк байраған желбіретуі, БҰҰ-на мүше болуы, ҚХА құрған Тұңғыш Президентіміздің атын елдің астанасына беруі Қазақстан халқының Елбасына деген алғысы деп білеміз.