Урбандану – әлемдік үрдіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Урбандану – әлемдік үрдіс

19.09.2017

Көші-қон, әсіресе ішкі миграция мәселесі - бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі. Ауыл халқының қалаға қоныс аударуы, яғни, урбандануы – әлемдік үрдіс. Бүгінгі адамзат осындай бағыт алды. Ғалымдардың пікірі де осыған саяды. Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы барлық мемлекеттерде осы процесс жүріп жатқанын айтады. Сондықтан, ауыл халқының қалаларда шоғырлануы жұмыссыздық сынды проблемалардың пайда болуына әсер етті. «20-ғасырдың басында қазақтардың екі-үш пайызы ғана ірі шаһарларды мекендесе, қазір 60 пайызы қалаларда тұрады. Сол себепті, урбандану мәселесіне бейжай қарамай, заман талабына бейімделуі керек», - дейді профессор. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу