Елбасының тұманды жолдан тура жол тауып, елін қиындықтан алып шыққаны анық дүние - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының тұманды жолдан тура жол тауып, елін қиындықтан алып шыққаны анық дүние

24.03.2019

Қазақстан - бүгінде төрткүл дүниеге өзін мойындатқан мемлекет. Халықаралық қауымдастықта ойып тұрып алған орны бар. Осындайда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел болатынымызға сенгендердің  аз  болғаны ойға оралады. Тіпті, ауызы дуалы деген танымал саясаттанушылардың өзі Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыратынына күмәнмен қарауы аздай, «этникалық қақтығыстар ошағына айналады», деген болжамдарын ашық айтып та жүрді. Бірақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты, салиқалы стратегиясы жас мемлекетті дүр түлетті.

Елбасының өз еркімен өкілеттілігін тоқтату туралы шешімін қарапайым азаматтармен қатар, танымал тұлғалар да зор қимастықпен қабылдады. Қалам ұстаған жазушылар, өнерпаздар, спорт сайыпқырандары және көптеген қоғам белсенділері Тұңғыш Президентке деген ыстық ықылас,-пейілдерін жүрекжарды лебіздерін білдіріп жатыр.

Азаттық алғанда аяғын апыл-тапыл басқан жас мемлекеттің болашағы бұлыңғыр еді. Байлығына сұқтанған империяларға жем болуы да ғажап емес еді. Бірақ, Елбасы тұманды жолдан тура жол тауып, елін қиындықтан алып шыққаны анық дүние. «Сондықтан, Тұңғыш Президенттің құрметіне астананың атын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру, әрі әрбір қалада даралап даңғыл беру өте орынды бастама», дейді пікір білдіріп жатқан танымал тұлғалар.

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу