Әлеуметтің әлеуетін зор етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтің әлеуетін зор етті

20.03.2019

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай жағдай болмасын әлеуметтің әлеуетін бірінші орынға қойып келеді. Жылда халыққа арнайтын жолдауының көп бөлігінде де тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салды.

Еліміздегі әлеуметтік жобалар «Ақбұлақ», «Балапан», «Сыбаға», «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту», «100 мектеп 100 аурухана»,  «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» секілді бастамалар өз жемісін берді.  Осы жобалардың арқасында әр салада оң нәтиже қол жетіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. 

Әлеуметтің әлеуетін көтеретін әлеуметтік сала. «Ақбұлақ», «Сыбаға» жобалары соның алғашқылары.«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 238 жоба жүзеге асырылып, 360 шақырым су құбыры желісі салынды.

Осылайша, елді мекендер барынша ауыз сумен қамтылды. Мал шаруашылығын дамытудағы Сыбаға бағдарламасы да өз жемісін берді. Бұл жобалардың барлығын іске асыру, еңсесін тіктеген жас мемлекет үшін оңай болған жоқ.

Бектұр Төлеуғалиев, Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы:

Сонау 90 жылдардың басында өзіңізге белгілі, елдегі экономикалық саияси жағдай төмендеп кетті гой. Біздің азаматтарымыз жұмыс жасап жүргердер де қолына ала дорба алып, базарға сауда жасауға қарай ығысып кетті. Елдің күйі әлеуметтік жағдайы қатты төмендеді.

Сол уақытты білегін түріп халықтың алдына шығып, халықтың барлық жауапкершілікті мойнына алып, жұмысқа кірісіп кетті ғой. Әрине сол уақытты бірден керемет болып кетті деуге болмайды. Бірақ, бұл кісінің ұйымдастыру қабілетінің өте үлкен екенідігіне біздің көзімізді жеткізді.

«Дипломмен ауылға» білім жобасы да жоғары оқу орнын бітірген түлектерге жаңа жол ашып, жастарға бағыт-бағдар берді. Жобаға қатысушылар баспанамен қамтылып, оларға түрлі жеңілдіктер жасалды. Жұмыспен қамту бойынша да жұмыссыз жүрген жастар қайта оқытылып, жаңа мамандыққа ие болды. 

Сағындық Серікбаев, М.Ғабдуллин атындағы №3 кәсіби мектеп-гимназиясының мұғалімі:

Жалпы, Елбасыға өз басым және барша халық риза деп ойлаймын. Өз басым ризамын. Өйткені, Елбасы Тәуелсіздік алғаннан бері ерең еңбек етті. Елімізді әлемге танытты. Қазақ халқының қандай екенін, қандай ұлт екенін танытты. Білім саласына кететін болсақ, көптеген еңбегін сіңірді. Бір ғана «100 мектеп, 100 аурухана» бар, мысалы.

Иә, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы көп мәселені шешті.  Республика бойынша жүздеген білім ордасы салынып, аймақтардағы мектеп тапшылығы шешілді. Алыс аудан, ауылдарда медициналық мекемелер бой көтеріп шалғайдағы ауыл тұрғындарының өз денсаулықтарына жіті қарауына мүмкіндік туды. «Нұрлы жол» бойынша  мыңдаған шақырым жолдар салынып, транспорттың әлеуеті артты.  Ол бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жол торабын ерекше атап өтуге болады.

Көшілікті баспанамен қамтамасыз ететін «Нұрлы жер» жобасы да  көптеген отбасына қуаныш сыйлап келеді. Талаптары жеңіл әрі ыңғайлы бағдарлама 2017-2031 жылдарға арналған. Қазақстандықтарды баспанамен қамтитын бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 5 әлеуметтік жобасына да жалғастырды.  Тұрғындар қиналмай пәтерге қол жеткізу үшін, алғашқы жарна мен несие өсімі төмендетілді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.

Бес әлеуметтік жобаның екіншісі - төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын молайту. Ол үшін салық жүктемесін он есеге азайтып, бір пайызға түсірді. Бұл жаңа жылдан бастап іске қосылды. Назарбаев бұған қоса үшінші бастама ретінде жоғары білімнің сапасын арттыру үшін 2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынды.

Ал студенттерге 25 мың орындық жатақхана салуды тапсырды. Төртінші бастама - бизнеске қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды. Бесіншісі - Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарына бір жарым жыл көлемінде газ тарту міндеті болды.

Міне, бұл - әлеуметтің әлеуетін басты назарда ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың жасап келе жатқан игі істерді. Мұндай ауқымды жобалары бар елдің еңсесінің ешқашан төмен түспетіні анық.   

Хабарламаларға жазылу