Қызылорда облысының құтқару жасақтары солтүстік өңірлерге көмекке барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының құтқару жасақтары солтүстік өңірлерге көмекке барады

18.03.2019

Сырдарияда су тасу қаупі жоқ. Сондықтан, Қызылорда облысының құтқару жасақтары мен арнайы құрылымдары еліміздің солтүстік облыстарына көмекке барады. Су тасқынына төтеп берер техника, барлық қажетті құрал-жабдықтар сақадай-сай. Оқу-жаттығуда сарбаздардың дайындығы тағы бір рет  пысықталды. Дабыл түскен сәтте оқиға орнына жетіп, тиісті тапсырмаларды орындауға әзір. 

Саид Молдағараев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

24 қызметкер, 7 техника, 3 жүзу қайықтары жауынгерлік дайындыққа келтірілді. Одан бөлек, құтқару құрал саймандары, 14 тәулікке жететін тамақ, су сору мотопомпаларының 100 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істеуіне жанар-жағармайлармен қамтамасыз етілген. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу