Теріскейде биыл алғаш рет «Амал» мерекесі тойланды. Мейрам Ассамблея мүшелері, мектеп мұғалімдері мен қоғамдық ұйым өкілдерінің бір-бірін құттықтап, қауышып, аман-саулық сұрасуынан басталды.
Жер аяғы кеңіп, қыстан аман шыққан ағайынның бір-бірін іздеп барып, сәлем беруі - бұрыннан келе жатқан дәстүр. Осы салтты жаңғырту, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында қызылжарлықтар да биыл қолға алынған шараға қосылды. Жалпы, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тапса,- дейді ақсақалдар.
Жангелді Тәжин, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
Бұрындары ата-әжелеріміз тойлайтын, үлкендерге сәлем береміз, амандық сұрасамыз деп аралайтын көрші ауылдарды. Сол дәстүріміз қайтып келіп жатыр. Біз де бүгін ассамблеяда бас қосып жатырмыз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ