Жолаушы әйелдерге тосынсый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушы әйелдерге тосынсый жасады

07.03.2019

Алматыдан Қостанайға бет алған пойыз жолаушылары Астанаға жеткенде тосынсыйға тап болды. Бірақ бәрі емес. Тек қыз-келіншектер мен аналар ғана. Көлік полицейлері жылдағы әдетінен жаңылмай оларды мерейлі мерекемен құттықтады.

Жолаушы әйелдер аң-таң. Олар күтпеген жерден құрметке де, ерекше көңілкүйге де бөленгендерін айтады. Тәртіп сақшылары бір тал қызғалдақтан үлестіріп, ізгі тілектерін жеткізді. «Былай тек тексеріспен вагонға кіретін көлік полицейлерінің бүгінгі әрекеттері есте қалатын оқиға болды»,-дейді нәзік жандылар.

Бибігүл Нұрғожина, жолаушы:

- Мен ардақты анамын. 10 балам бар. Көп-көп рақмет сіздерге.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу