Ақтөбелік полицейлер көше тазалаушы әйелдерге тосынсый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік полицейлер көше тазалаушы әйелдерге тосынсый жасады

05.03.2021

Ақтөбелік полицейлер мереке қарсаңында көше тазалаушы әйелдерге тосын сый жасады.

Олар қала тазалығымен айналысып жүрген әйелдерді жұмыс орнына іздеп барды. Полицейлерді көрген әйелдер алғашында абдырап қалғанымен, 

мән-жәйді тез ұғып, жадырап сала берді. Құқық қорғаушылар олардың еңбегін ерекше бағалайтындарын айтты. Жаздың ыстығына, қыстық бораны мен аязына қарамай еңбек етіп жүрген тазалықшылар мұндай құрмет үшін алғыстарын білдірді

Еркін Өтеген, облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы:
Кездейсоқ көшеден көріп, осындай сыйлықтар беріп, шын жүрегімізден құттықтадық. Барлық облысымыздың, халқымыздың әйел адамдарын осы мерекемен құттықтаймын! Дендеріне саулық, отбасыларын амандық тілеймін!

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу