2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер кіріс пен табыс декларациясын тапсыруға міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер кіріс пен табыс декларациясын тапсыруға міндеттеледі

07.03.2019

Бұл туралы бүгін Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев айтты. Нақтырақ айтқанда, жоғары лауазымдағы шенеуніктер, судьялар, депутаттар және квазимемлекеттік мекемелердің басшылары айлығы мен байлығын жариялауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің жұбайлары және оларға теңестірілген тұлғалар да осы кезеңге еніп отыр.

Ал, азаматтардың қалған санаттары одан кейін 5 жыл ішінде декларациялаудан өтпек. Жалпыға ортақ декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асады. Себебі ауыл-аймақтағы ағайынның қаржылық сауаттылығының төмендігі, яғни 80%-ы өздігімен қажетті қағазды толтыра алмауы, интернет байланысының шектеулігі құзыретті органдардың деректер базасын жасақтай алмауы жұмысты жедел әрі жүйелі жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Руслан Еңсебаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Декларацияда не толтырылуы тиіс? Яғни, ең алдымен мүлік, учаскелік  жерлер, транспорт, пәтер, тұрғын үй құрылысындағы үлестер, банк шотындағы ақшалар, 5880 теңге көлеміндегі  айлық есептік  көрсеткіштегі  қолма-қол ақшалар және қарыздар. Айта кетейін, бұл жерде тек ірі көлемдегі дүниелер тізімделеді. Декларацияның ұсақ-түйектерге қатысы жоқ.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу