Теріскейде 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін. Өйткені, биыл өңірде қар нормадан 2,5 есеге көп түскен. Мамандардың айтуынша, Есіл өзенінің жағасында орналасқан 18 ауылға судан тосқауыл қоюға мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тасқынның алдын алу және апатты жою амалдарын пысықтау үшін жиын өткізді. Арнайы техниканың дайындығы тексеріліп, құтқарушыларға нұсқау берілді. Жалпы, биыл тасқынмен күреске Төтенше жағдайлар департаментінен 45 техника, 10 жүзу құралы мен 255 адам жасақталған. Бұған қоса, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 1300 адам мен 700 техникасы бар арнайы жасақ ұйымдастырылған.
Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Өте қиын болған жағдайда Республиканың басқа аймақтарынан да арнайы күштерді тартамыз. Қазіргі күшімізді 6 топқа бөліп отырмыз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ