Тасқын қаупі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын қаупі жоғары

05.03.2019

Биыл Қостанай облысында су тасқынының қаупі жоғары. Себебі қар қалың түсті, өңірдегі барлық су қоймаларының 75 проценті толып тұр. Сондықтан алдын алу жұмыстары күшейтілді. Бес аудандағы өзен-көлдерде 58 мың текше метр мұзды жару жұмыстары жүргізіледі. Осылайша судың өз арнасымен еркін ағуына мүмкіндік жасалады. Аймақтағы 96 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр. Олардың жағдайы жіті бақылауға алынып, тасқыннан зардап шеккендер үшін 100-ден астам нысан дайындалды. Әскери шатырлар әрі асхана, әрі баспана, сонымен қатар медициналық пункт қызметін атқарады. Жалпы, тасқынның алдын алу және зардаптарын жоюға 442 миллион теңге қарастырылан.

Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жеке шаруа қожалықтарымен, басқа да мемлекеттік органдарымен келісімшарттар жасалды. Төтенше жағдай болғанда зардап шеккен халыққа азық-түлік немесе қауіпсіз жерге көшірілген үй жануарларына тиісті жем-шөбін жеткізу мақсатында 44 меморандум жасалған болатын.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу