Президентке Алматыдағы селден қорғайтын бөгет таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентке Алматыдағы селден қорғайтын бөгет таныстырылды

18.08.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында жаңадан салынған сел тасқынынан қорғайтын бөгеттің жұмысымен танысты. «Аюсай» бөгеті Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның жоғары жағында сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мореналық және мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанды тасқын судан қорғайды. Жобаға бюджеттен 10 миллиардтан астам қаржы жұмсалған.


Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу