Еліміздегі тұңғыш роботты агрокешен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі тұңғыш роботты агрокешен

04.03.2019

Еліміздегі ішкі нарық сүтін 45-50 процентін  Шығыс Қазақстан облысы қамтамасыз етіп отыр. Бұл өңірде бір жылда 115 мың тоннадан астам сүт сауылады. Осы салада жаңа технологияларды енгізгеннің арқасында өнімділік бірнеше есеге артты. Нәтижесінде қол еңбегі азайды. Ал аймақтағы ауыл шаруашылғы алға басқан ауданның бірінде роботты сүт сауатын ферма қайта жарақтаудан өтті.

Бұл 2012 жылы ашылған еліміздегі тұңғыш роботты агрокешен. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша бұл жобаға 300 миллион теңге  несие берілген. Алты жылда бөлінген қаржы толық өтелді. Қазір агрокешенді қайта жаңғыртудың екінші кезеңі жүріп жатыр. Бүгінде  600 сиырды 6 роботты техникамен сауады. Жақында тағы үшеуі алынды.

Светлана Короткова, оператор-сауыншы:

- Цифрлы технология арқасында біздің жұмысымыз айтарлықтай жеңілдеді. Бұрын сауыншылар таңмен таласып, жұмысқа келетін. Қазір бір адам 130 сауын сиырға жауапты. Бәрі роботпен сауылады. Тек қадағалау қажет.

Бұрынғы әдіспен  жұмыс істейтін шаруашылықтар бір табын сиырды бағып, оны сауу үшін аз дегенде 30-40 адам қажет. Ал роботты кешендерде адам саны аз. Ал өнімділік өте жоғары.

Ермек Дайырбаев, агрокешеннің цех басшысы:

- Егер де  Кеңес үкіметі  кезінде 40 сиырға бір сауыншы болса, мұнда 200 сиырға тәулігіне кезекпен  2 оператор. Мониторда бүкіл керек мағлұмат бар. Оператордың жұмыс істеуіне өте жеңіл. 

Жұмыстың жеңілдеуі арқасында шаруашылықтар сапаға мән бере бастады. Қазір аймақта толық  роботты екі кешен болса, тағы жетеуі жарақтаудан өткізіліп жатыр. Ал  5 жыл бұрын  жылына 4-4,5 мың тонна сүт сауылса, былтырдан бері 115 мың тоннаға жеткен.

Ертай Қуанбаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір облыс деңгейінде халықтан сүт сатып жинайтын 64 сүт қабылдау пунктері бар. Мұның ішінде халықтың біріккен ауыл шаруашылғы кооперативтері де бар.

Сүтті сауып қана қоймай, өңдеу мен өндіруді өркендету үшін өңірдегі шаруашылықтарға субсидия беріледі. Бұл ішкі нарыққа басқа елден келетін сүт өнімдерін ығыстырып шығаруға  септігін тигізбек.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу