Отырарда еліміздегі тұңғыш сапар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отырарда еліміздегі тұңғыш сапар орталығы ашылды

11.12.2019

Мәдени кешен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша салынған. Жаңа ғимарат Отырар қаласы жұртының мәдени мұрасын насихаттап, экспонаттарды қорғап сақтайтын ғана емес, «туристік орталық» ретінде де қызмет атқарады. Осылайша «Отырар археологиялық қорық музейінің» функциясы кеңеймек. Тарих, реставрация, өнертану, этнография ғылымдарымен ұштасып, мәдени -ағарту, имидждік орталыққа айналмақ. Ғимараттың астыңғы қабатында қор сақтау бөлмелері, реставрация жасайтын шеберханалар орналасқан. Сонымен қатар 16 орындық жатақханасы бар. Бұл музей мамандары мен Отырар қалашығында қазба жұмыстарын жүргізетін археологтарға арналған. 

Хабарламаларға жазылу