Оралда кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер кілтін тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер кілтін тарту етті

26.02.2019

Бүркітовтер отбасында 7 ұл-қыз өсіп келеді. Олар 16 жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. Манар Бүркітованың мамандығы – мұғалім. Алайда, бір қызы мүгедек болғандықтан, бала күтімімен үйде отыр. Отағасы жұмыс істегенімен, тапқан-таянғаны тамақ пен пәтерақыдан артылмайтын. Енді ол күндер артта қалды. Жаңа үйдегі 3 бөлмелі пәтер барлық талапқа сай. Отбасының қуанышында шек жоқ. «Мейірімді көктем» қайырымдылық шарасы әлі де жалғасады.

Манар Бүркітова, көпбалалы ана:

- Осы уақытқа дейін біз қаланың әр жерінде пәтер жалдап жүрдік. Бүгін, міне, мәрт азамат кездесіп, үй сыйлады. Мұндай жақсылықты күтпеп едім, шынымды айтсам, түс секілді болып тұр. Бақытты болыңыз, Тимур аға.

Тимур Әмин, кәсіпкер:

- Әріптестерімді әлеуметтік жағдайды жақсартып, осындай отбасыларға көмектесуге шақырамын.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу