Энергетика саласына қаражат бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика саласына қаражат бөлінеді

18.06.2014
Энергетика саласына қаражат бөлінеді
 
Қазақстандағы тиімді энергия көздерін дамытуда Дүниежүзілік банк қашанда қолдау көрсетуге әзір. Бүгін аталған банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая мен Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев арнайы меморандумға қол қойды.
 
Нәтижесінде Қазақстандағы энергетика саласына 21 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай грант бөлінбек. Әсет Исекешевтің айтуынша, бұл қаржыға елдің барлық өңіріндегі мемлекеттік, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жаңарту жоспарлануда. Сондай-ақ, энергетика саласын қаржыландарудың тұрақты механизмдері құрылады.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу