«Қазақстан халқына» қорынан ел игілігіне 131 млрд теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қорынан ел игілігіне 131 млрд теңге жұмсалады

16.09.2022

Қаржының басым бөлігі денсаулық, әлеуметтік қорғау, білім саласына бөлінеді. Қор құрылғалы 11 млрд теңге игерілген. Қазір 13 бағдарлама іске асырылып жатыр. Қор өкілдері жаңартылған тұжырымдама бойынша 6 бағытта жұмыс істейді. Тұрғындардың жеке өтініштері мен үкіметтік емес ұйымдардан келген ұсыныстарды арнайы сарапшылар қарап, мақұлдайды.

Ляззат Алтынбекқызы «Қазақстан халқына» қоры басшысының орынбасары:

131 млрд астан қаражат түскен. Жалпы, қарағанда 60 млрд жуық қаражат контрактілермен қарастырылған. Біз тек қана мемлекет көмегінен тыс қалып қалған, заңнамаларға ретке келмей жатқан сондай мәселелерге қатысып, қордың жұмысы деп көмегіміздің көрсетеміз.

Хабарламаларға жазылу