Алматыда тағам өндірушілердің І Халықаралық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тағам өндірушілердің І Халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Елдегі азық-түлік нарығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің 40 пайызы - импорттық өнімдер. «Сондықтан ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін отандық өнімдердің көлемін арттыру керек», - дейді белгілі ғалымдар.

Осы мәселені талқылау үшін Алматыда тағам өндірушілердің I Халықаралық форумы өтті. Жиында тағам және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту тетіктері талқыланды. Өйткені қазір Қазақстанда шикізат өңдейтін өндіріс ошақтарының көлемі тек 30 пайыз. Сондықтан шарада түрлі бағыттар бойынша салалық кеңестер құрылды. Оның құрамында бизнес қауымдастықтар мен өнеркәсіп одақтарының өкілдері және ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары кіреді. Олар астық, ет, сүт, май өнімдері мен қантты жүйелі түрде шығару үшін бірігіп жұмыс істемекші.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу