Агротехнологиялық қызмет көрсету орталықтары. Бүгін Астанада аграрлық ғылым саласындағы қоғамдық ұйымдар мен 22 ғылыми-зерттеу орталығы бірігіп, саланы дамыту туралы уағдаластыққа келді.
Енді ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми орталықтар мен тәжірибелік алаңдардың базасында 22 қызмет көрсету орталығы құрылады. Онда шаруашылықтар мен жекелеген фермерлерге аграрлық технологиялар бойынша қашықтықтан қызмет көрсетіліп, онлайн курстар мен семинарлар өткізіледі.
Ержан Рахимов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕ АҚ департамент директоры:
- Әлеуметтік желілерде сарапшылар шаруа қожалықтарының сұрақтары бойынша консультациялар жүргізе алады. Бұл - бірінші бағыт. Екінші бағыт - осы оқу орталықтарында семинарлар, курстар өткізу.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ