Ақтаудағы үйлерге бейнебақылау камералары орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы үйлерге бейнебақылау камералары орнатылды

14.02.2019

Ақтауда «Ақылды үйлер» пайда болды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз ететін жүйе әзірге 35 үйге енгізілді. Тұрғын үйлердің кіреберісіне 2 мың бейнебақылау орнатылған.

Болашақта баспананың бәрін қамту көзделген. Сондай-ақ, қаладағы көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау үшін, біраз жерге камера қойылады. Ал, пәтерге қондырғылар үй иесінің қалауымен орнатылады. Себебі қызмет құны - айына 2 мың теңге. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу