Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету жалғасуда

13.02.2019

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету жалғасуда. Бүгін генерал-мойор Мұхамедқали Сатов бастаған қорғаныс министрлігінің өкілдері отставкадағы полковник Владимир Марковты мерейтойлық мерекемен құттықтады. Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл мерейтойлық медальін табыстады.

Ардагері байланыс ротасының командирі лауазымынан Ішкі әскерлер бас қолбасшылығының аға офицері лауазымына дейінгі сатыны абыроймен жүріп өткен. Ерен еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ауған халқынан алғыс» медалімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Мінсіз қызметі» үшін және басқа да көптеген медальдармен марапатталған. 

Мұхамедқали Сатов, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары:

Ауған соғысын өткен ардагерлермен біздің сарбаздарымыз, офицерлер арнайы кездеседі. Мен айтқандай сабақ өткіземіз. Тактикаларды үйретеді. Біз солардан үйреніп жүрміз. Олар бізге керек.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу