Көпбалалы аналарға баспана қарастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы аналарға баспана қарастырылады

13.02.2019

Үкіметте журналистердің сан сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қазір арнайы құрылған жұмыс тобы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Күнде көпбалалы аналармен кездесулер өткізіп, жан-жақты мәліметтер жинақталуда. «Нәтижесінде осы бағыттағы қордаланған мәселелер шешімін табады», - деді министр.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:

- Осы жұмыс тобы аясында баспанаға ерекше мән беріледі. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық ұсыныстарды жинаудамыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу