Түркістан облысында мектеп түлектері тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты аналарға баспана сыйлауды үрдіске айналдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мектеп түлектері тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты аналарға баспана сыйлауды үрдіске айналдырды

03.06.2022

Түркістан облысында мектеп түлектері тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты аналарға баспана сыйлауды үрдіске айналдырды. Биыл Сайрам, Түлкібас, Созақ аудандарында түлектер көңілді кеш өткізудің орнына осындай сауапты іс жасады. Сайрам ауданына қарасты Қасымбек Датқа ауылындағы жиырма жылдық кездеуге жиналған азаматтар жаңа баспана салып, алты баласы бар Рүстемовтерге тарту етті. 25 сыныптас сәуір айынан бастап алты миллион теңгедей қаражат жинап, баспананы екі айда салып бітірген. Үйдің ішін қажетті дүниемен толтырды. Көпбалалы ерлі-зайыптылар жер телімін алғанымен, үй салуға жағдайлары болмапты. Сөйтіп, жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Әкім Тұрсынбеков, Қасымбек датқа ауылының тұрғыны:

Бұл көпбалалы отбасы, алты баласы бар отбасы ешкімнен ештеңе сұрап отырған жоқ тұғын. Бірақ біз сұрастыра келес осы отбасыға беруді дұрыс деп таныдық. Бұл іс-гараны біз ары қарап үрдіске айласа деген жақсы ойымыз бар.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу