Қызылордада алған техқұжат әзірлеген топ әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада алған техқұжат әзірлеген топ әшкереленді

12.02.2019

Қызылордада көлікті арнайы орынға әкелмей-ақ 5 мың теңгеге 15 минутта техникалық құжат рәсімдеуге  болады. Бұл заңсыздықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінен құрылған топ әшкереледі. Құзырлы мекемедегілер жалған құжат әзірлеумен айналысып отыр. Облыста 200 мыңға жуық  көлік тіркелген болса, оның 68 мыңы ғана    техникалық байқаудан өткен. «Демек, қалғаны мүлдем байқаудан өтпеген немесе жалған құжатпен жүр», - дейді мониторингтік топтың мүшелері.

Анар Ізден, мониторинг топтың мүшесі:

- Ешқандай автокөлікті әкеліп, тексеруден өткізбейді. «Whatsapp»-тан құжаттардың көшірмесін салып жібереді де, тіркелген болады. Ал, жалпы базада тіркелмеген жағдайлар анықталып жатыр. Соған байланысты рейдтер жүргізіліп, мониторингтік топтың жұмысы әлі де жалғасады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу