Олар еңбекке уақытша жарамсыздық немесе №086 үлгісіндегі денсаулық парағын ғаламтор арқылы саудалап келген. Аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері №5 қалалық емхана дәрігерін бұлтартпас айғақтармен ұстады. Ал, №4 емхана медбикесі ғаламторға жарнама беріп, клиенттерді жекеменшік клиникаға жіберіп отырғанын анықтады. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Шамшырақ Абаева, №4 қалалық емхананың бас маманы:
- Осындай келеңсіз жағдай біздің емханада орын алды. Енді өзгелерге сабақ болсын деп біз сол медбикемізді жұмыстан шығардық. Бұдан әрі осындай келеңсіз жағдай болмайды деген сенімдеміз.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.