Елімізде жемқорлықпен күрес жалғаса береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жемқорлықпен күрес жалғаса береді

10.01.2018

Елімізде жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғаса береді. Бұл ретте Елбасы нақты міндеттер жүктеді. Мәселен, соңғы үш жылда «бармақ басты, көз қысты» әрекеттері үшін 2,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметкерлер мен компания басшылары сотталған. Олардың жемсауына түскен 17 млрд. теңге қазынаға қайтарылды. Кінәлілер жазаланды. Павлодарда дәл сол қателікті кезінде облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары да қайталады. Десе де заңды белден басқандар тұтылды. Ал, жемқорлықпен күрес органдары қылмысқа бейім салаларды нақты біліп отыр.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу