Адам денсаулығына зиянды тағамдар жергілікті тауар өндірушілерді тексеру барысында анықталды. Мәселен, жартылай фабрикаттардың құрамындағы еттің 11пайызы талапқа сай болмай шыққан. Ал, 7 кондитерлік цехтің өнімдерінен қауіпті заттар табылды. Торт және тәтті тоқаштарда ішек таяқшасы топтарының бактериялары болған. Ал, кейбірінде тағамның өндірілген күні мен сақтау мерзімі көрсетілмеген. Дәмхана мен мейрамханалардағы дайын астың және аспаздық тағамдардың сапасы да айтарлықтай нашарлаған.
Наталья Гаценбелллер, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:
- Микробиологиялық көрсеткіштері талапқа сай келмейтін өнімдердің үлес салмағы биыл 12 пайыздан асты. Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 пайыз болған еді. Сапасыз өнімдер Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларындағы ірі дәмхана мен мейрамханаларда сатылған. Осы күнге дейін тамақ сататын нысандардың иелеріне 8 миллион 300 мың теңгеге айыппұл салдық.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.