Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық

18.03.2016
Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Ақтөбе-Орск»  Ш.Қалдаяқов кентінен РФ шекарасына дейін, «Ақтөбе қ. солтүстік айналма жол», «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай», Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін учаскеде  көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі): «Екатеринбург-Алматы», Қарағанды қаласы учаскесінен Балқаш қаласына дейін; «Екатеринбург-Алматы», Теміртау қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі учаскеде қоғамдық және жүк көліктері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу