Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

12.02.2019

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ауа температурасының жоғарылауынан қар мен мұз еріп, соның салдарынан су деңгейінің көтерілу қаупі бар екенін айтады. Бұл тау етегіне сұғына орналасқан ықшамаудандарға қауіп төндіреді. «Қазгидрометтің» алдын ала болжамы бойынша алдағы үш тәулікте Алматы облысында күн жылынады. «Оңтүстік бағыттан жылжыған циклон жауын-шашын әкеліп, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіп кетуіне ықпал етуі мүмкін», - дейді мамандар. Сондықтан, «төтеншеліктер көпшілікті сақ болуға шақырады.   

Светлана Аманқұлова, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша болжау бөлімінің басшысы:

-  Бізде қазір сондай уақыт. Алдымызда көктем келе жатқаннан кейін температура жиі өзгереді. Ақпан айының аяғына дейін ауа райы 4-5 тіпті 9-10 градусқа дейін жылып кетуі мүмкін. Сол себепті, қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, алдын ала дайын отыруларын сұраймыз.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу