Маңғыстау облысында аудан және ауыл әкімдері жер учаскелерін заңсыз берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында аудан және ауыл әкімдері жер учаскелерін заңсыз берген

11.02.2019

Тексерулер нәтижесінде Жаңаөзен қаласының әкімдігі 18 жер телімін заңсыз үлестіргені анықталды. Бейнеуде - 31, Түпқараған ауданында 300 гектарға жуық жер учаскесі бармақ басты, көз қыстымен таратылған. Ал, Ақтауда комиссия 6 қаулыны заңсыз деп таныды.

Жер кодексіне сәйкес, мемлекет меншігіндегі жерлер аукцион арқылы сатылуы тиіс. Алайда, әкімдіктер заң талаптарын өрескел бұзған. Қазір оңды-солды берілген жер телімдері кері қайтарылуда.

Руслан Сәкеев, облыс әкімінің орынбасары:

- Жер учаскесін беру бойынша заңбұзушылыққа жол бергені үшін Мұнайлы, Маңғыстау ауданы Сәулет және қала құрылысы саласына жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларын, ауыл әкімдерін жауапкершілікке тарту жөнінде шара алуды тапсырамын және қызметтігінен босату туралы сұрақты қойып, маған ақпанның 20-сына дейін осы қолданылған шара бойынша ақпарат беруді тапсырамын.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу