Маңғыстауда 72 кәсіпкердің даулы жеріне қатысты шешім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 72 кәсіпкердің даулы жеріне қатысты шешім шықты

21.10.2021

Маңғыстау облысында 6 ай бойы дау болған жер учаскелері мемлекетке қайтарылмай, кәсіпкерлердің меншігінде қалатын болды. Олай болмаған жағдайда 72 кәсіпкерге 1 млрд теңгедей өтемақы төленуі мүмкін еді.

Көктемде Бейнеу ауданының кәсіпкерлері біздің арнаға шағым айтқан. Жер учаскелерін 5-6 жыл бұрын алып, меншіктеріне өткізген. Оған балабақша, азық-түлік дүкендері мен көлік жөндеу орталықтарын ашыпты. 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

Алайда құзырлы органдар жер заңсыз берілген деп, қайтаруды талап еткен. 7 кәсіпкердің жерін қайтару туралы сот шешімі бар. Бизнес өкілдеріне кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсеткен. Енді бизнес иелерін әуре-сарсаңға салған комиссия мүшелерінің жауапкершілігі қаралмақ.

  Альфия Ерназарова, кәсіпкер:

Жер өкіметке қайтарылады деді, ал ол жердің үстінде құрылыс бар. Енді оны қайтып алғанда бұзып тастаймыз ба? Қиналдық. «Атамекен» палатасына арыз тастадық. Біз, кәсіпкерлер үшін барлығы атсалысты. Қазіргі таңда бәріміз қуаныштымыз.

Рашид Мұстапаев, Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры:

6 ай осындай азап берген жігіттерге шара қолдану керек. Облыс әкіміне, аудан әкімінің атына шара қолдану хатын жібердік. Мемлекеттік қызметкерлерінің санында қала ма, қалмай ма, басшылары шешеді.


Маңғыстау кәсіпкер жер

Хабарламаларға жазылу