ШҚО-да жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін компаниялар банкрот болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін компаниялар банкрот болуы мүмкін

08.02.2019

Шығыс Қазақстан өңірінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін компаниялар банкрот болуы мүмкін. Өйткені, құрылыс материалдарының нарықтағы бағасы Тұрғын-үй коммуналдық комитет бекіткен құннан екі есе жоғары. Мұндай жағдайда жол-құрылыс компаниялары тендерлерге қатысудан да бас тартып отыр. Өйткені, бағадағы айырмашылық аясында құрылыс жұмыстарын жүргізу тиімсіз. Сол себептен, мердігерлер шығынға ұшырап, «Атамекен» ұлттық палатасына ұжымдық өтінім жасады. Кәсіпкерлердің осы мәселесі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Жиын барысында даулы түйткілді шешуге бірнеше ұсыныс жасалды. 

Нұрлан Құдайбергенов, «Атамекен» ҰКП Тексеру комиссиясының төрағасы:

- Тиісті органның өкілдері айтып жатыр, мәселе бар, оны қараймыз. Себебі, бюджеттің есебінен салатын жобалардың бәрі экспертизадан өтеді. Ол кезде бәрі дұрыс болады. Мұның бәрі конкурс арқылы шешіледі.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу