Шығыс Қазақстан облысының автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

11.01.2015
Шығыс Қазақстан облысының автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

ШҚО-да шетелдік туристер ағынын арттыратын автожолдар мен жерасты жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығы.

Бұл жергілікті тұрғындарға облыс орталығымен байланыс орнатуда қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, инвестиция мен туристік кластердің дамуына септігін тигізеді.

Автокөліктік тасымалы іскерлік байланыс пен аудан экономикасының белсенділігіне оң әсер етеді және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

ҚР Президентінің «Нұрлы жол» Жолдауына сәйкес аймақта экономикаға оң әсер ететін көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар жоспарлануда.

Мәселен, Астана - Өскемен көлік магистралының құрылысы шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізеді.

Жыл сайын қонақтар мен туристердің ағымы артып келеді, олардың ішінде шетелдік туристерде бар. Алайда көліктік инфрақұрылымның бүгінгі күйі оның әлеуетін аймаққа толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

Хабарламаларға жазылу