Астана-Бурабай ақылы жолына соңғы 10 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана-Бурабай ақылы жолына соңғы 10 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген

07.02.2019

Бұл туралы Үкіметте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Мәліметке сай, аталған тасжол 2010 жылы қолданысқа берілсе де, сапасы еш бүлінбеген. Себебі бұл - бетоннан салынған Қазақстандағы алғашқы жол. Мұнда жеңіл автокөліктер әр шақырымға 1 теңге төлейді, жүк көліктері үшін салмағына байланысты төлем құны өзгеріп отырады.

Ал, жергілікті тұрғындар абонемент алып, жылына мың теңге ғана төлейді. Еске сала кетейік, Алматы - Қорғас, Алматы - Қапшағай және Алматы - Теміртау жолдары ақылы жүйеге ауысқан болатын. Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда тағы 5,5 мың шақырым автожол ақылы болады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- 2018 жылы Астана-Бурабай ақылы жолынан шамамен 1,5 млрд теңге түсті. Яғни, шақырымына 1 теңгеден алсақ та, жол бөлігін нормативке сәйкес күтіп-баптауға толығымен жетеді. Одан артылған қаражат өзге жолдарға беріледі.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу