«Жастар» жылында ауылдық жерлерде еңбек ететін азаматтарға жағдай жасалса, ауыл шаруашылығының тамырына қан жүгіреді.
Алматыда өткен «Ауыл» партиясы жастарының республикалық форумына қатысқан студенттер осыны айтты. Олардың сөзінше, ауыл гүлденсе – қала түрленеді. Сондықтан, жастарды қолдауды шалғай елді мекендерден бастау қажет. Себебі, жоғары білім игерген жас мамандар алыс ауылдарға барып еңбек етуге тәуекел ете бермейді. Ол, әрине, ең бірінші әлеуметтік мәселеге келіп тіреледі. Осы себепті «елді мекен жастарын ынталандырудың жаңа жобалары қолға алынса», - дейді тәлімгерлер.
Жәнібек Бекбауов, Талғар ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы:
- Осы сәтті пайдалана отырып, ауыл жастарының мәртебесін көтеру ретінде өз ұсынысымды айтқым келіп отыр. Біріншіден жас мамандар баспаналы болса. Себебі, өзім қаладан келіп, ауылдық жерде жұмыс істейтін ұстаздардың бірімін.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.