Павлодардағы Электролиз зауытында «Нұр Отан» партиясының жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы Электролиз зауытында «Нұр Отан» партиясының жиыны өтті

31.01.2019

Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының жиналысы өтті. Бүгінде кәсіпорында 8 цех жұмыс істеп тұр. Олардың бәрінде партиялық белсенді топтар жасақталған. Ал, бастауыш ұйымның құрамында 1136 адам бар. Электролиз зауыты экономикалық және өндірістік даму мақсатында құрылған кәсіпорын. Мұндағы бастауыш партия ұйымы тек қана зауыт ішіндегі ғана емес, аймақ аумағында ірі ауқымды іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып жүр. Мәселен, көмекке мұқтаж балалар үйлері, тұрмысы төмен отбасылар мен соғыс ардагерлерін қолдауға ерекше көңіл бөледі. Партиялық жиын барысында алдағы жұмыс жоспары талқыланып, ақпан айында өтетін 18 съезге қатысатын делегаттар анықталды. 

Дәурен Тенкебаев, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ учаске басшысы:

- Осы жұмысқа келгенде қойма жұмысының жұмысшысы болып жүргенмін. Енді қойма жұмысы цехының учаске басшысымын. Зауыт жұмыскерлерінің 40 пайызы - жастар. Тек қана зауыт ішіндегі, өзіміздің ұжым ішіндегі ғана емес, облыстағы бүкіл шараларға қатысамыз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу