Ақтөбеліктер қаланың 150 жылдығын тойлауды бастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер қаланың 150 жылдығын тойлауды бастап кетті

31.01.2019

Шаһардағы өнер музейінде мерейтойға арналған көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының көрмесі өтті.

Бұл жерге негізінен облыс орталығында орналасқан Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі шәкірттерінің еңбектері қойылған. Жас  таланттар «Ақтөбе - құтты мекен» деп аталған көрменің тақырыбына сай қиялдарына ерік берген. Олар әсем қаланы бейнелеу үшін гуашты, майлы бояуды, киізді, ағашты және темірді пайдаланыпты. Мұндағы ерекше туындыларды екі апта ішінде 500-ден аса адам тамашалап үлгерді.

Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі 9 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында жеткен жетістіктері де аз емес.

Тұрсынай Ташимова, Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің педагогы:

- Бірінші оқу жылында сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйретсек, екінші оқу жылынан бастап бала бейнелеу өнерінің әртүрлі саласынан білім алады. Мысалы, қолөнер, болмаса, мүсіндеу-скульптура әдісімен. Жалпы, баланы әр түрлі салада сурет салу техникасын үйренуіне дағдыландырамыз.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу